Новость

03 сентября

Алматыда Студенттер лигасының чемпионаты басталады: өтінім қабылдау 22 қыркүйекте басталады

03 сентября

Алматыда Студенттер лигасының чемпионаты басталады: өтінім қабылдау 22 қыркүйекте басталады

  Жарыс қаладағы жоғары оқу орындарының командаларын біріктіріп, студенттерге өз университеттерінің намысын қорғауға, тұрақты ойын тәжірибесін жинақтауға және командалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Өтінім қабылдау 22 қыркүйекте басталады

  22 қыркүйектен бастап чемпионатқа қатысу үшін өтінімдер қабылданады. Жарысқа футбол, баскетбол және волейболдан студенттік командалар шақырылады.

Футбол турнирі 11×11 форматында өткізіледі.

   Қатысу үшін студенттер факультеттегі жауапты өкілге хабарласып сол арқылы, команда жасақтап, ресми сайт арқылы өтінім беруі қажет:

Өтінім беру: aslalmaty.kz

  Ойындар 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы мамыр айына дейін өтеді. Жарыстардың толық кестесі, қатысушылар тізімі және чемпионатты өткізуге қатысты қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.

  Студенттер лигасының чемпионаты Алматы жастары арасында спортты дамытуға, дене белсенділігін насихаттауға және тұрақты жарыс тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.

  Чемпионаттың жаңалықтары мен маңызды ақпаратын жіберіп алмау үшін ресми ақпарат көздерімізді қадағалаңыз.

Партнеры

  • Kazakhstan Football Federation
  • JOMA
  • Балалар Футбол Лигасы